"№48 Жалпы білім білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

Құрметті 2021 жылғы мектеп түлектері!

Бүгін, 15 сәуір сағат 17.00-ден (астана уақытымен) бастап бос орындар аяқталғанға дейін app.testcenter.kz сайтында негізгі ҰБТ-ға тіркеу басталады!

Бәріңізге мәлім, бұл ҰБТ-ны тапсыру үшін сіздерге 2 мүмкіндік беріледі:

❗15 сәуірден бастап ҰБТ тапсырудың БІРІНШІ МҮМКІНДІГІНІҢ тестілеу күнін таңдауға болады;

❗1 мамырдан бастап ЕКІНШІ МҮМКІНДІКТІ қолдану үшін күнді таңдауға болады.

Бұл тестіленушілердің арасында орындарды теңдей бөлу үшін маңызды болып табылады.

Тестілеудің өзі: 25 сәуірден 30 маусым аралығында жалғасады.

Әрине, 2 тестілеудің де күндерін Сіздер өздеріңіз таңдайсыздар.

Алайда, ҰБТ өткізу орнына дейін ниет білдірушілерді тегін тасымалдауды ұйымдастыру барысында шалғайдағы мектептерден түлектердің бірге келуі кезінде бір күн таңдағаны тиімді.

Сонымен бірге, Сіз тестілеуді 2 рет тапсырып, ең үздік баллмен білім беру грантын тағайындау конкурсына қатыса аласыздар.

Ағымдағы (2021) жылдың мектеп түлектері ҰБТ-ға ТЕГІН қатысады.

ҰБТ-ның жоғары оқу орнына түсу емтиханы екендігін және аттестаттағы бағаға еш әсер етпейтінін ескертеміз.

Барлық түлектерге сәттілік тілейміз!