"№48 Жалпы білім білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

Бүгін, 1 сәуірде Egov мемлекеттік порталы арқылы 1 - сыныпқа құжаттарды қабылдау басталды.

Бүгін, 1 сәуірде Egov мемлекеттік порталы арқылы 1 - сыныпқа құжаттарды қабылдау басталды. 1-сыныпқа өтініш беру кезінде осы немесе басқа мектептің мектепалды сыныбында оқитын балаларды қабылдауда қиындықтар туындады. Балалар ҰБДҚ-ға (ұлттық білім беру деректер қоры) тіркеулі тұрғандықтан, Egov жүйесі өтінішті қабылдамайды. Қазіргі уақытта ҰБДҚ-да түзету жүргізілуде, ол 2 күннен кейін шешіледі. Барлық ата-аналардан алаңдамауын сұраймыз. Өтініштер «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 маусымдағы № 264 бұйрығы негізінде бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын, жалпы орта білім беру" заңнамасына сәйкес қаралатын болады.