"№48 Жалпы білім білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

Бірінші сыныпқа қабылдау электронды форматта жүргізіледі

Бірінші сыныпқа қабылдау электронды форматта жүргізіледі

1-сыныпқа алты жасар және ағымдағы күнтізбелік жылы 6-ға толатын балаларды қабылдайды. 2021-2022 оқу жылы 1-сыныпқа 340 мыңнан аса бала қабылдау жоспарланып отыр.

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Құжаттарды egov.kz арқылы беруге болады:

  • Ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);
  • Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  • «Бала денсаулығы паспорты»;
  • 3х4 көлеміндегі 2 фото.

Құжаттар мектептің қызмет көрсету аумағынан алғашқы 3 өтініш берушіден, одан кейін басқа шағын учаскеден 1 өтініш берушіден (3:1 қағидаты бойынша) қабылданады.