«№ 48 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
Хабарлама!
Ақтөбе қаласы №48 жалпы білім беретін орта мектебінің «Қамқоршылық кеңесінің» құрамына өзгеріс енгізілуіне байланысты босаған 6 орынға 2021 жылдың 12- ші наурыз айынан бастап ұсыныстар қабылданады.
Қамқоршылық кеңес құрамына кіру үшін қойылатын талаптар:
1. Жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;
2. Жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері;
3. Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері;
4. Ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан, сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі;
5. Қайырымдылық жасаушылар.
6. Ұсыныстарды қабылдау мерзімі 10 жұмыс күні.
Мекен жайы – Сәңкібай батыр 14/8. Тел: 44-57-75
Өзіңіз жайлы толық ақпаратты жазбаша түрде берулеріңіз сұралады.
Қамқоршылық кеңесі
хабарламасын орналастырған хатшы: Кунантаева М.К