Құрметті ұстаздар, ардақты әжелер мен аяулы аналар, көктем гүліндей құлпырған арулар!
Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі — 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздер бір отбасының емес, бүкіл әлемді аялы алақандарыңызбен тербете алатын, адамзат баласының ары, рухы, жігерісіздер.Тәуелсіз Қазақстанымыздағы бейбіт тірлік пен бірліктің жарқын болашаққа деген сенімінің ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы да өздеріңіз. Мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, ырыс - құт тілейміз.Әр таңдарыңыз арайлап атып, күндеріңіз нұрға толсын!
Әрқашан отбасыларыңыздың ажары, жүрген орталарыңыздың базары болыңыздар! Пәле - жала, жамандық атаулы келмеске кетсін, асыл да таза махаббат жүректеріңізден мәңгілік орын алсын!
Сіздерге дүниедегі барлық бақытты тілейміз!