Ақтөбе қаласы “№48 Жалпы білім беретін орта мектебі” КММ-нде” педагогтерді конкурстық негізде жұмысқа қабылдау ҚР Білім және ғылым Министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (ҚР Оқу-ағарту министрінің 15.08.2023 № 259 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.08.2023 № 343 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Педагог қызметіне жарияланған бос орындар:
- Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі (10 сағат, уақытша );
- Көркем еңбек пәні (ер балалар) мұғалімі,
(7 сағат, тұрақты) ;
•Көркем еңбек пәні (қыз балалар) мұғалімі (7 сағат, тұрақты);
•Бастауыш сынып (үйден оқыту) мұғалімі (9 сағат, тұрақты);
•Зертханашы (0,5 бірлік жүктеме, тұрақты);
Мектепке бос лауазымдар туралы ақпаратты жұмыспен қамту орталығының «enbek.kz» сайтынан, «http://hr-nobd.edu.kz/» модульден, мектептің инстаграмм «shool_48» парақшасынан көруге болады. Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап, 7 жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 14 - 22тамыз
2024 ж. Қажетті құжаттар тізбесі:
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы
21 ақпандағы № 57 бұйрығының 3-тарау, 1-параграф, 154-тармағы) көрсетілген қажетті құжаттар тізбесін негізге ала отырып электронды түрде жолдайды.
1) осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы
30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);