"№48 Жалпы білім білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

Балалар ойын алаңында
2 сынып оқушыларының бүгінгі күні таңертеңгілік жаттығудан басталды. 4 маусым ҚР мемлекеттік рәміздер күніне орай мектеп кітапханашысы Көлбаева Ақмарал балалармен жұмыс түрлерін жүргізді.Одан соң балалар спорттық алаңда эстафеталық жарыстардың қызықты сәтін өткізді.Сонымен қатар биыл көктемде отырғызған гүлдерінің өсу барысын қарап,бақылап шықты. Мектеп ауласында асфальтта "Әрқашан күн сөнбесін" тақырыбында сурет салды.Оқушыларға балаларды қорғау күніне орай балмұздақ пен сусындар,тәттілер үлестірілді.