2024 жылдың 29 қаңтары күні “МИФ және Жаратылыстану” әдістемелік бірлестігінің “Әлем-нақты ғылымдар тілінде” атты онкүндігінің салтанатты марапаттау шарасы өткізілді.
9-11класс оқушылары арасында өткен Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде Қазақстан тарихы пәнінен үздік білім көрсеткен 11 сынып оқушысы Сапиев Динар ІІІДәрежелі Дипломмен марапатталды.
9.01.2024 күні мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Мангибаева Б.Т 8-11 сынып қыздарына "Қыз тәрбиесі - қоғам тәрбиесі" тақырыбында жиналыс өткізді. Мектеп формасы және жеке бас гигиенасы сақталуын талап етті.
Күн сайын оқушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындап, салауатты өмір салтын сақтау және дене сергіту мақсатында таңғы жаттығу жасайды.