"№48 Жалпы білім білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0
Хабарландыру!

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР, ОҚУШЫЛАР!

Ақтөбе қаласындағы № 48 жалпы білім беретін орта мектебіне Астана ауданы бойынша (микрорайон) мектепалды даярлық және 1 – 11 кластарға оқушылар қабылдайтынын хабарлайды.
Біздің тамаша мектебіміз  оқушыларға орасан зор мүмкіндіктер ұсынады. Біздің мақсатымыз – баланы қамқоршы, ашық және өмір бойы оқуға дайын біртұтас жеке тұлға ретінде дамытатын сапалы білім беру.
Бүгінгі білім мен білік, бәсекелес заманында ұландардың биіктен көрінуіне күнделікті істегі жаңашылдық пен жан-жақты берген тәрбие арқылы қол жеткізуге ұмтыламыз. Біз Сіздерді асыға күтеміз!
Мектептің мекен-жайы: Сәңкібай батыр даңғылы 14/8 . ______________________________________________________________

? 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 маусым мен 1 тамыз аралығында іске асырылады.

Өтінішті egov.kz арқылы беруге болады.
Қажетті құжаттар тізімі:

 Ата-аналарынан өтініш (немесе оларды алмастыратын тұлғалардан);

 Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

✅ «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

✅ 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

✅3х4 көлеміндегі 2 фото.
_____________________________________________________________
?Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау баланың ата-анасының немесе өзге заңды өкілдерінің келісімімен педагогикалық-медициналық-психологиялық консультация қорытындысы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
?17 тамыздан бастап Жазғы мектеп жұмыс істей бастайды. Оған ата-аналардың қалауы бойынша мектепке дейінгі мекемелерде болмаған немесе мектепалды даярлықтан өтпеген балалар бара алады.