Дене шынықтыру мұғалімдері А.Пірмағамбетова мен Б.Төреғалиев 1-11 сынып оқушылары арасында түрлі ұлттық ойындар ұйымдастырып, оқушыларға қазақ халқымыздың ұлттық спорттық ойындарының мән-мағынасын, ойнау ережесін толық түсіндірді. Ұлттық спорт күніне оқушылар мен бірге ата-аналарда қатысты. Қазақ еліміздің әдемі оюымен көмкерген ұлттық киімдерімізді киген аналар "Бес асық" ойынын ерекше көңіл-күймен ойнап, мерекеге сән берді.
Мақсаты: Балалардың денсаулығын шынықтыра отырып, қимыл әрекеттерін жетілдіру. Ұлттық, тұрмыс, салт - дәстүрі туралы әсерлерін толықтыру. Ұрпақтан - ұрпаққа жалғастыру мақсатында қазақ халқының тіршілік әрекетіне байланысты ұлттық ойындарды ойнауға үйрету. Ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын арттыру, ептілікке, шапшаңдыққа, төзімділікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
#біртұтас_тәрбие_ақтөбе_облысы