"№48 Жалпы білім білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0
Ақтөбе қаласы "N48 жалпы білім беретін орта мектебі" КММ-де 19.03.2024 күні, қазақтың ең ұлы мерекесі Ұлыстың ұлы күніне орай "Армысың, Әз-Наурыз" тақырыбында 5-11 сынып оқушылары аралығында сынып сағаты өткізілді. 9-сынып

Әр сынып қазақ елінің ұлы тұлғаларының есімімен аталған бір-бір ауыл болып,наурыз мерекесін ерекше үлгі де атап өтті. Мектеп директоры Абуова Қарлыға Қоғабайқызы мен мектеп әкімшілігі әр ауылды аралап, ақ тілектерін арнады. Оқушылар жер бетіне жылылық ұялайтын, шуақты көктеммен қатар келген ұлыстың ұлы күнінде күмбірлеген үні бар қасиетті домбырамен күй шертіп, наурыз көже ішіп, қазақтың ұлттық мерекесінің маңыздылығы мен тәрбиелік мәнін ұға білді.

Мақсаты:

- Ұлттық мерекеміз туралы тереңірек түсіндіре отырып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу.

- Қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрпы туралы мағлұмат беру.

- Қазақтың салт-дәстүріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

9-сынып

"Алаш" ауылы

Сынып жетекшісі: Ахат Гауһар Елтайқызы

@obrazovanie_gorod_aktobe

@aqtobe_bilim_basqarmasy

@gani.beisembayev

#біртұтас_тәрбие

#біртұтас_тәрбие_ақтөбе_облысы

#наурызқұттыболсын