"№48 Жалпы білім білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0
“Сабақ барысындағы белсенді әдістердің тиімділігі”тақырыбында семинар өтті

Ақтөбе қалалық әдістемелік кабинет жоспарына сәйкес, 5.03.2024 ж күні №48 Жалпы білім беретін орта мектебінде “Сабақ барысындағы белсенді әдістердің тиімділігі”тақырыбында семинар өтті. Семинар мақсаты: Оқушылардың білім сапасын арттыруда тмімді тәсілдер қолдану . Семинарды қазақ тілі пәні мұғалімі Шүйіншалина А. Қ семинар тақырыбына байланысты баяндама оқып, мектеп психологы Мырзаханова Б. Қ тренингпен ашты. Семинар барысында : Ф.Оңғарсынова “Өлең,мен сені аялап өтем”тақырыбында 9-сыныпта қазақ әдебиетінен Есенова Г.Ж, “Жасөспірім құқығы”тақырыбында қазақ тілі пәні бойынша 8-сыныпта А.А Колбаева ашық сабақтар өткізіп ,тиімді әдіс-тәсілдер көрсетті. М.Мақатаев,“Мен өмірді жырлау үшін келгенмін…” тақырыбында шығармашылық жұмыс көрсетілді. Семинарға қатысушылар пікір алмасып,кері байланыс жасалды.