"№48 Жалпы білім білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0
“Ұстаздан шәкірт озар”

Ақтөбе қаласы
“№48Жалпы білім беретін орта мектебі” КММ
“Жас мамандар” мектебінің жоспарына сай “Ұстаздан шәкірт озар” тақырыбында биология пәні мұғалімі Қарағұлқызы Мекенжан 10-сынып оқушылармен сыныптан тыс шара өткізді.
Шараның мақсаты:
Танымдық белсенділікті дамыту.
“Жас маман” мектебінің тәлім алушысы ретінде алғашқы жылы оқушыларға білім беруде түрлі оқыту әдістерін қолданып ашық сабақтар, дөңгелек үстел өткізді. Сонымен қатар оқушылар қалалық жарыстардың жүлдегері атанды:
Тулеген Ардана 9-11сыныптар арасында қалалық олимпиаданың ІІІ- дәрежелі диплом иегері:
Сатаева Мадина 7-8 сыныптары арасында қалалық олимпиаданың ІІІ- дәрежелі диплом иегері.
Қарағұлқызы Мекенжан жас маман ретінде “Үздік жас маман-2023” байқауынан
ІІІ-дәрежелі диплом,
“Мұғалімнің шығармашылық зертханасы-2023” тақырыбында ІІ-облыстық байқауда ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды.
Тәлім алушы ретінде бүгінгі сыныптан тыс шарасын оқушыларға үйреткен білімдерін тәжірибелік жұмыс жасау барысында мұғалім бағыттауымен оқушылар орындады.
Оқушы жетістігі мұғалім жетістігі болып табылады. Яғни бұл жетістік мұғалімнің біліктілігін заман талабына сай мұғалім екенің айқындай түседі