Ақтөбе қаласы "№48 Жалпы білім беретін орта мектебі"КММ 07.02.2023ж Әдістемелік жоспары негізінде "5-сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі" тақырыбында педагогикалық консилиум өткізілді.
Мақсаты: 1.Оқушылардың жеке тұлғасының ерекшеліктерін зерттеу.
2.Оқушының жеке тұлғасының дамуына қолайлы жағдайларды ұйымдастыру, білімі, іскерлігі, дағдысындағы кемшіліктерді жоюдың педагогикалық шаралар жүйесін құру.
3.Қиын және конфликтілік жағдайларды шешуге кеңес беру.
Педагогикалық консилиумда қаралатын мәселелер: 1.Бастауыш сынып мұғалімінің оқушылардың білім деңгейін, тәртібін бақылау мақсатында кірілген сабақтарының талдауы
2.Бастауыш сынып пен орта буын арасында сабақтастықты жүзеге асыру мақсатында негізгі пәндерден қараша, желтоқсан айларында алынған бақылау жұмыстарының қорытындысы.
3.5-сыныптың бейімделуі, орта буынға бейімделуін айқындау мақсатында жүргізілген педагогикалық-психологиялық диагностиканың қорытындысы, оқушыларға психологиялық көмек жұмыстарын ұйымдастыру, түзету-дамыту жұмыстары, ата-аналарға кеңес беру.
4.Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы жоспары негізінде өткізген іс-шараларының тәрбиелілік мәнін анықтау қорытынды анықтамасы. Оқушылардың тәртібі бойынша жүргізілген жұмыстар қорытындысы.
5. Сынып жетекшісінің оқушыларға мінездемесі, оқушылардың сапалық құрамы , оқушылардың білім сапасы , тәрбие жұмысы бойынша жүргізілген жұмыстар анықтамасы.
6. Жоспар бойынша бекітілген сабақтарға қатысу талдау анықтамасы.