«№48 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
Бұйрық
Ақтөбе қаласы №116 «01» қырқүйек 2022 жыл
Оқушылардың тамақтануын
ұйымдастыру туралы
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 64 (жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің № 544 08.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға , ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Білім жіне ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығының 10- қосымшасына сәйкес «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын негізге ала отырып
БҰЙЫРАМЫН:
- 1-4 класс және 5-11 класс оқушыларына мектеп асханасы және буфеттен тамақтандыру ұйымдастырылсын.
- Әлеуметтік педагог Удин Е.С. мектеп оқушыларының тамақтануын ұйымдастыруға, есебін жүргізуге жауапты тұлға болып бекітілсін.
- Мектеп асханасынан жалпы 1-4 және 5-11 класс оқушыларының тамақтануы төмендегі №1 кесте бойынша жүргізілсін.
№1 кесте
І кезең |
||
класс |
бала саны |
уақыты |
1 кл |
24 |
09:45-10:00 |
2 кл |
27 |
09:25-09:40 |
3 кл |
25 |
09:25-09:40 |
4 кл |
16 |
09:25-09:40 |
5 кл |
22 |
09:25-09:40 |
6 кл |
20 |
09:25-09:40 |
7 кл |
28 |
11:05-11:20 |
8 кл |
21 |
11:05-11:20 |
9 кл |
27 |
11:05-11:20 |
10 кл |
20 |
11:05-11:20 |
11 кл |
10 |
11:05-11:20 |
- Мектеп асханасынан жекелеген санаттағы оқушыларды тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды төмендегі №2 кесте бойынша жүргізілсін.
№2 кесте
І кезең |
||
класс |
бала саны |
уақыты |
1 кл |
2 |
09:45-10:00 |
2 кл |
3 |
09:25-09:40 |
3 кл |
3 |
09:25-09:40 |
4 кл |
4 |
09:25-09:40 |
5 кл |
2 |
09:25-09:40 |
6 кл |
1 |
09:25-09:40 |
7 кл |
2 |
11:05-11:20 |
8 кл |
1 |
11:05-11:20 |
9 кл |
2 |
11:05-11:20 |
10 кл |
0 |
11:05-11:20 |
11 кл |
0 |
11:05-11:20 |
- Мектепшілік әкімшілік кезекшіге оқушылардың дұрыс тамақтануын ұйымдастыру және бақылау міндеттелсін.
- Мектеп медбикесі А.К. Жумагалиеваға күн сайын асхананың тамақтану үрдісіне даярлығын тексеру, ас пробасын ала отырып ас беруге рұхсат беру және өзіне бекітілген бақылау журналдарын жүргізу міндеттелсін.
- 1-4 және 5-11 класс жетекшілеріне оқушылардың тамақтанар алдында тазалығын қадағалау, асханада тыныштықты сақтау, оқушыларды бекітілген кесте бойынша уақытында әкеп тамақтандыру міндеттелсін.
- Келісім-шарт бойынша жалға алушы жеке кәсіпкер «Н.О. Кабашева» Облыстық білім басқармасымен клісілген және қалалық білім бөлімінің басшысы бекіткен 2 апталық ас мәзірі негізінде тағам даярлау технологиясын қатаң сақтай отырып, ас даярлауды қамтамасыз ету және тамақтану бөлмесін, тамақ сақтау қоймасын санитариялық талапқа сай ұстау міндеттелсін.
- Мектеп медбикесі А.К. Жумагалиеваға мектеп оқушыларының ішінен тубвираж-тубкантакт категориясына жататын оқушылардың тізімін жасақтап, оларды ыстық тамақпен қамтуды демеушілер есебінен жүргізуді ұйымдастыру міндеттелсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.К.Уликпановаға міндеттелсін.
Мектеп директоры: К. К. Абуова
Таныстым:
- ___________ К.К. Уликпанова
- ___________ А.К. Жумагалиева
- ___________ Н.О. Кабашева
- ___________ Е.С. Удин