«№48 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
Хаттама №1
Ақтөбе қаласы 11.01.2020ж
Қамқоршылық кеңес отырысы
Қатысқандар:
1.ИльясовА.К. 2. Жиентай Д.А.
- Абдрахманова Ж.К.
- Алдияров Ғ.А.
- Айтешова Г.К.
- Жаканов Е.М.
- Таубаева Ж.К.
- Тлеубергенова М.А.
- Тутасбаева Д.К.
- Сарина Б.А.
Күн тәртібінде:
1.Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру жөнінде (төрағаны және хатшыны сайлау) (Қамқоршылық кеңес хатшысы М.А.Аязбаев )
- Қамқоршылық кеңестің жылдық жоспарын бекіту (Кеңес мүшелері)
- Мектепте қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру туралы (АӘД мұғалімі Бисенов Б.К.)
- Мектеп оқушыларының ыстық тамақпен қамтылуы туралы (Әлеуметтік педагог Е.С.Удин)
- 2020 жылға арналған халықты әлеуметтік қолдау заңын ата-аналар арасында тісіндіру жұмыстарын ұйымдастыру (Қамқоршылық кеңес төрағасы Д.Ә.Жиентай)
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Қамқоршылық кеңес хатшысы М.А. Аязбаев сөз алып Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығын негізге ала отырып (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 29 тамызда № 15584 болып тіркелген) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес бұйрықты басшылыққа алып қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің қағидаларын түсіндірді. Осы бұйрықтың талабымен «Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 22 қазандағы № 501 бұйрығының және 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 715 бұйрығының күші жойылды деп есептелінетінін мәлім етті. Осыған сәйкес дайындалып тұжырымдалған қамқоршылық кеңестің жұмыс жоспарын ұсынды. Сонымен қатар сөз алушы қамқоршылық кеңестің құрамы, құрылымы, қызметі жөнінде айта келіп, кеңес жұмысының мақсаттары мен негізгі бағыттарына тоқталды. Мектептің қамқоршылық кеңесінің төрағалығына осы қамқоршылық кеңес мектепте құрылғаннан бастап төраға болып қызмет атқарып келе жатқан тәжірибелі Д.А.Жиентайды қайта ұсынды. Мектептің қамқоршылық кеңесін ата-аналар комитетімен, жергілікті атқарушы органдармен, басқа да мүдделі ұйымдармен өзара бірлесіп жақсы қарым-қатынаста жұмыс жасауға, мектептің әлеуметтік-мәдени іс шараларына барынша атсалысуға, мектептің дамуына, әлеуетінің одан әрі жақсаруы үшін көмек көрсетуге шақырды. Сөз алушы кеңес мүшелері М.Ә.Тлеубергенова, Ж.К.Абдрахмановалар қамқоршылық кеңес төрағалығына ұсынылған үміткерді жақсы мінездемелеп, аталмыш міндетті орындауға лайықты тұлға ретінде танитындарын айтып, бірауыздан қолдау керектігін білдірді.
Екінші мәселе бойынша кеңес мүшесі Д.И.Тутасбаева 2020 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасын ұсынды. Кеңес мүшелері Ғ.А.Алдияров, Ж.К.Таубаева, Г.К. Айтешева өздерінің ұсыныстарымен шығып, сөзжарыстан кейін ортақ мәмілеге келген ағымдағы жылдың жұмыс жоспары нақтыланды.
Мектепте қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру туралы АӘД мұғалімі Б.К. Бисенов хабарлама жасады.Ол бүгінгі күннің талабына сәйкес бекітілген ережеге ішінара өзгерістер енгізудің мақсаты Қазақстан Республикасы жас азаматының жоғары адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу және дамыту, оқушыларға мектепте білім алуға қолайлы жағдай туғызу және мектеп маңайында оқушылардың жүріп тұруына қауіпсіздік жасау, мектептің, өзінің және басқаның мүлкін , мектеп ауласындағы тазалық пен тәртіпті сақтауға және ұстаздар мен басқа жұмыскерлердің еңбегіне құрметпен қарау деп атап өтті.Сонымен бірге сабақ кезінде мұғалімнің немесе оқу меңгерушісінің рұқсатынсыз мектептен және оның маңайынан, өз бетінше спорттық, мәдени және сыныптан тыс шаралардан кетуге болмайтыны, мектепте және оның маңайына жарылғыш, жанғыш, сұйық заттарды, пиротехникалық бұйымдарды, газ баллондарын, шылым мен спирттік ішімдіктерді, есеңгірететін және уландыратын заттарды әкеліп пайдалануға қатаң тыйым салынатыны, сол үшінде мектеп кіре берісіне металл іздеу қондырғысының орнатылатынын және барлық мұғалімдер мен оқушылар міндетті түрде осы қондырғы арқылы мектеп ғимаратына кіргізілетінін айтты.
Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру жөнінде мектептің әлеуметтік педагогы Е.С. Удин хабарлама жасады. 2015 жылғы 13- ші қарашадағы ҚР «Білім туралы» заңының 8-ші бабы 4-1тармағы негізінде мектеп директорының №181-ші бұйрығы шығарылып осыған сәйкес 1-11класс оқушыларын ақылы және жекелеген санаттағы оқушыларды тегін тамақтандыру ұйымдастырылады. Оқушыларды бюджеттік және ыстық тамақпен тамақтандыру мектеп асханасында жүзеге асырылады. тегін тамақтанатын оқушылар сәйкесінше ұзақ қоңырауларда тамақтанады, ал әрбір оқушыға тамақтану талоны негізінде жүргізіледі.Дайын болған тамақтың сапасын, құрамын мектеп медбикесі қадағалайды. Балаларға тамақтану гигиенасын сақтауға қол жуу орындары, ыстық және салқын су қамтамасыз етілген. Қорыта айтқанда оқушылырдың толыққанды тамақтануына асханада жағдай жасалған. Осы жұмысты ұйымдастыру, есебін жүргізу мектептің әлеуметтік педагогына жүктелген. Оқу жылы бойынша мектеп асханасының жұмысын, астың сапасын, құрамын ата-аналар комитетімен бірге арнайы құрылған комиссия бақылап назарда ұстайды.
Қамқоршылық кеңес төрағасы Д.Ә.Жиентай Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек төлеудің жаңа тәсілдемелері жұмыс істей бастайтынын, оның негізгі бағыттарына тоқталатынын айтты. Аз қамтылған көпбалалы отбасыларға әлеуметтік көмектің үш түрі көрсетіледі. Біріншісі-көпбалалы отбасыларды жеке санат қашығару және оларға кепілдендірілген жәрдемақыны ұсыну. Яғыни жаңа атаулы әлеуметтік көмек отбасылық кіріске қарамастан барлық көп балалы, яғни 4 және оданда көп кәмелет жасына толмаған, орта арнаулы немесе жоғары оқы орындарында білім алып жатқан жасы 23-ке толмаған балалары бар аналарға беріледі. Атаулы әлеуметтік көмек бойынша 2020 жылдың 1 қаңтарынанбастап:
- 4 баласыбаротбасыларға – 42500;
- 5 баласыбаротбасыларға – 53125;
- 6 баласыбаротбасыларға – 63750;
- 7 баласыбар отбасыларға – 73375 теңге көмек тағайындалады. Әр балаға шаққанда 10625 теңгеден келеді. Екіншісі-аз қамтылған санаттағы азаматтарды қолдау және оларды еңбекке ынталандыру. АӘК алатын отбасылардың еңбекке қабілетті мүшелері жұмыс істеуге тиіс. Олардың жұмысқа орналасуы үшін нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының барлық тетіктері қолданылады. Егер отбасының еңбекке жарамды мүшесі ұсынылған жұмыстан және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларынан бас тартса, онда АӘК төлеу тек оған ғана емес, бүкіл отбасына тоқтатылады; Үшіншісі – барлық АӘК алушы отбасылардағы балаларға заттай қолдауды қамтитын кепілдендірілген пакетті ұсыну.Міне осы басты бағыттар ата- аналарға толық түсіндіріліп, жүйелі жұмыстар жүргілуі керек деп өз сөзін түйіндеді.
Қабылданған шешім:
- Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру жөнінде қамқоршылық кеңес хатшысының ұсынысы қабылданып оның құрамы ұсынылған нұсқада өзгеріссіз бекітіліп, оның төрағасы болып Д.А. Жиентайдың өкілеттігі ұзартылсын.
2.Қамқоршылық кеңестің 2020 жылға арналған жылдық жоспары нақтыланған нұсқада бекітілсін.
- Мектеп ауласын қосымша жарықтандыру жұмысын ұйымдастыру ұсынылсын.
4.Оқушылардың тамақтануы мен мектеп асханасының жұмысы бекітілген ережелерге, қойылатын талаптарға сәйкес ұйымдастырылған деп есептеліп,мектеп асханасын жалға алушы ЖК «Уралбаева»-ның өкілеттігін ұзартуға ұсыныс енгізілсін.
5.2020 жылға арналған халықты әлеуметтік қолдау заңын ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстары кеңінен насихатталсын.
Кеңес мүшелері:
- Абдрахманова Ж.К.
- Айтешова Г.К.
- Алдияров Ғ.А.
- Жаканов Е.М.
- Таубаева Ж.К.
- Тлеубергенова М.А.
- Тутасбаева Д.К.
- Сарина Б.А.
Қамқоршылық кеңес төрағасы: Жиентай Д.А.
Қамқоршылық кеңес хатшысы: Аязбаев М.А.