«№48 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
Хаттама №5
Ақтөбе қаласы 23.08.2019ж
Қамқоршылық кеңес отырысы
Қатысқандар:
- 1.ИльясовА.К.
- Жиентай Д.А.
- Абдрахманова Ж.К.
- Алдияров Ғ.А.
- Айтешова Г.К.
- Жаканов Е.М.
- Таубаева Ж.К.
- Тлеубергенова М.А.
- Сарина Б.А.
Күн тәртібінде:
1.Мектептің оқу үрдісін бес күндік оқу жүйесіне көшіру
(Директордың оқу-тәрбие ісі жөн.орынбасары Ж.Ж.Жұбатова)
2.Мектептің ішкі ережесі мен тәртібіне өзгерістер енгізу./арнайы металл іздеу құрылғысынан өту/
(Директордың тәрбие ісі жөн.орынбасары Ж.Е. Қалманова)
3.2019-2020 оқу жылына жаңартылған білім мазмұнына негізделген үлгілік оқу жоспарын енгізу туралы (Мектеп әдіскері Н.Ш.Тилеужанов)
Тыңдалды:
Бірінші мәселе бойынша директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Ж.Жұбатова хабарлама жасады. Елбасы «Біз қазір «білім-ғылым-инновация» атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз» деген болатын. Осы орайда, еліміздегі білім беру саласы жаңа бағытқа бет бұрғаны мәлім. Орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілді. Ол өз сөзінде жалпы орта білім беру саласына енгізіліп жатқан өзгерістердің өзіндік оңтайлы жақтары да бар екенін ашып айтты. Оңтайлы жақтары дегенім – ол білім беру жүйесін әлемдік стандарттармен сәйкестендіру және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мақсатында бейіндік оқыту бағытына көп көңіл бөлу. Бұл бағыттағы жұмыстар 2016-2022 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білім беру және ғылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасында айқындалған. Осы бағдарламаны іске асыру аясында орта білім берудегі енгізілейін деп отырған өзгерістер қызу талқылануда. Материалдық-техникалық база толық қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл процесті жүзеге асыруда ең әуелі тапсырыс жасаушының – ата-ана мен баланың мүддесі толығымен ескеріліп іске асырылуы керек. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламенттің VI шақырылымының бірінші сессиясының ашылуына арналған ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Білім және ғылым министрлігіне мектептерде бес күндік оқу аптасына көшу жұмыстарын бастауды жүктеген еді. Барша дамыған елдердегі мектептерде бес күндік оқу аптасы енгізілген. Балаға өзін қалпына келтіруге, педагогқа демалып, алдағы сабақтарға дайындалуға мүмкіндік беріледі. Оқыту аптасы қысқарған кезде білім берудің нәтижелілігі артатынын ғалымдар ғылыми түрде дәлелдеді. Бізге де осы тәжірибені енгізу керек. Әрине, осы жаңалық ата-аналарды елең еткізді. Алты күні бойы оқудан бас алмайтын балаларға, әсіресе, бастауыш сыныптың оқушыларына бір жексенбілік демалыстың өзі толық тынығу мен келесі аптаның сабағына дайындалуға көп мүмкіндік бермейтін еді. Жаңа білім бағдарламалары Назарбаев зияткерлік мектебі бағдарламасына негізделген деп атап көрсетті. Бұл оқыту жүйесі Қазақстан Республикасындағы орта білім беретін мекемелердің жаңаша оқыту үрдісіне көшуіне байланысты барлық мектептерде қолданысқа енгізілгендігін айта келіп, ол бүгінгі күннің талабы екендігін түсіндірді. Айта кетерлігі, оқушыларды жаңа үлгіде оқыту үшін мұғалімдер де талапқа сай болуы керек. Ұдайы, жан-жақты білімін жетілдіріп, оқушы үшін озат тұлғаға айналуы тиіс деп атап өтті. Сонымен қатар, бірінші сынып оқушылары үшін бір жыл ішінде қосымша бірапталық демалыс болуы тиіс. Жалпы білім беретін мекемелерде оқу жүктемесі сыныптар бойынша көрсетілген нормадан аспауы керек. Оқу жүктемесі ұлғайған жағдайда сабақ кестесі қамқоршылық кеңесі және ата-аналар комитетімен келісілуі қажет екендігі де ескертілді.Мектептің қамқоршылық кеңесіне педагогикалық кеңестің қаулысы негізінде 2019-2020 оқу жылында мектептің оқу үрдісін бес күндік оқу жүйесіне көшіру туралы ұсыныс жасалды.
Мектептің ішкі ережесі мен тәртібіне өзгерістер енгізу туралы екінші сұрақта «Мектептің ішкі тәртіп ережелері, оқушылардың құқықтары мен міндеттері» туралы айтыла келіп, оқушылардың білімі мен тәрбиесі үшін жасалған мектептің барлық талаптарын оқушылар міндетті түрде орындауға тиісті екені баяндалды. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Е.Қалманова бүгінгі күннің талабына сәйкес бекітілген ережеге ішінара өзгерістер енгізудің мақсаты Қазақстан Республикасы жас азаматының жоғары адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу және дамыту, оқушыларға мектепте білім алуға қолайлы жағдай туғызу және мектеп маңайында оқушылардың жүріп тұруына қауіпсіздік жасау, мектептің, өзінің және басқаның мүлкін , мектеп ауласындағы тазалық пен тәртіпті сақтауға және ұстаздар мен басқа жұмыскерлердің еңбегіне құрметпен қарау деп атап өтті.Сонымен бірге сабақ кезінде мұғалімнің немесе оқу меңгерушісінің рұқсатынсыз мектептен және оның маңайынан, өз бетінше спорттық, мәдени және сыныптан тыс шаралардан кетуге болмайтыны, мектепте және оның маңайына жарылғыш, жанғыш, сұйық заттарды, пиротехникалық бұйымдарды, газ баллондарын, шылым мен спирттік ішімдіктерді, есеңгірететін және уландыратын заттарды әкеліп пайдалануға қатаң тыйым салынатыны, сол үшінде мектеп кіре берісіне металл іздеу қондырғысының орнатылатынын және барлық мұғалімдер мен оқушылар міндетті түрде осы қондырғы арқылы мектеп ғимаратына кіргізілетінін айтты.
2019-2020 оқу жылына жаңартылған білім мазмұнына негізделген үлгілік оқу жоспарын енгізу туралы мектеп әдіскері Н.Ш.Тилеужанов хабарлама жасады. Білім беру мазмұнын жаңарту-сапалы білім, жарқын болашаққа негіздеп, бірқатар жетістіктер формуласын ұсынған үлгі және оқу-тәрбиелік үрдісті жан-жақты жаңа әдіс-тәсілдермен ұштастыру болып табылады. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Сапалы орта білім беруге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, тез өзгеріп жатқан әлемнің жағдайында зияткер, дене бітімі және рухани жағынан дамыған, табысты азаматты қалыптастыру» деп атап көрсеткендей бүгінгі таңда білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді талап етеді. Білім беруді жаңаша ұйымдастыру – оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын оқушылардың сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет екендігі атап өтілді. Білім беру жүйесіне өзгеріс енгізуге қажетті факторларды айтатын болсақ, ол: әлем стандартына сай білім беру; бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу; мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіру.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы мақсаты: бастауыш сынып пәндері бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру. Білім беру бағдарламасының негізгі ерекшеліктері:оқушы мектепте оқыған кезде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет қайталап оқиды, мұнда тақырыптар әртүрлі деңгейде қайталанады, кейде бір тоқсан аясында, кейде әр тоқсан сайын; әрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі, мұнда тақырыптар әрбір келесі деңгейде алдыңғыға қарағағанда анағұрлым күрделі әрі тереңдетіліп оқылуы тиіс; жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған ақпарат тұрғысынан қарастырылады, мұнда деңгей жоғарылаған сайын, тақырыптың күрделілігі артып отыруы керек. Оқу үдерісінде білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау сатыларында оқушылар іс-әрекет етеді.Міне,осылар жөнінде толық мағлұматтар берілді. Кеңес мүшелерінің сұрақтарына мектеп әдіскері Н.Ш.Тилеужанов мысалдар келтіре отырып жауап берді.
Қабылданған шешім:
1 Сабақ жүргізу үрдісін бес күндік оқу жүйесіне көшіру мақұлдансын.
2.Мектептің ішкі ережесі мен тәртібіне өзгерістер енгізілуі дұрыс деп есептелінсін.(арнайы металл іздеу құрылғысынан өту)
3.2019-2020 оқу жылына жаңартылған білім мазмұнына негізделген үлгілік оқу жоспары қолданысқа енгізілсін.
Кеңес мүшелері:
- Абдрахманова Ж.К.
- Айтешова Г.К.
- Алдияров Ғ.А.
- Жаканов Е.М.
- Таубаева Ж.К.
- Тлеубергенова М.А.
- Сарина Б.А.
Қамқоршылық кеңес төрағасы: Жиентай Д.А.
Қамқоршылық кеңес хатшысы: Аязбаев М.А.
https://48-mektep.edu.kz/am-orshyly-ke-es/87-4634343413464631.html#sigFreeIdbaeae5ab84