"№48 Жалпы білім білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0
Хаттама №2

«№48 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

№2 Қамқоршылық кеңес хаттамасы

 

Өтетін күні: 30.03.2022

Қатысқан мүшелер саны: 5

 

Қаралған мәселелер:

Қаулылардың орындалу есебі . 

Жауапты тұлғалар

Осал жанұя балаларын ыстық тамақпен қамту,бракераждың комиссияның жұмысына талдау жүргізу

Әлеуметтік педагог  Удин Е.С.

 

Қамшоршылық кеңес жұмысымен мектеп ұжымын,ата-аналарды ақпараттандыру.

Қамқоршылық кеңес төрағасы Жиентай Д.Ә.

Тәуекел тобындағы әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға психологиялық және әлеуметтік қөмек ұйымдастыру туралы.

Әлеуметтік педагог  Удин Е.С.

Мектеп психологы Мырзаханова Б.Қ.

 

Қаулы:

  1. Мектептің қауіпсіздік шараларын ұйымдастыруда мектепке бөгде адамдардың кірмеуіне және мектепке қару түрлерінің және басқадай мектеп Ережесімен рұқсат етілмеген заттарды алып кіруіне тосқауыл қою мақсатында тексеру шаралары жүргізіліп,анықталған кемшіліктер бойынша тиімді жұмыстар жүргізілгені атап өтілсін.
  2. Мемлекеттік заңмен бекітілген статусы бар отбасы оқушыларының ыстық тағаммен қамтылуы және ұйымдастырылуы стандарттық және санитарлық талаптарға сай және бракераждык комиссияның жұмысы нәтижелі болғандығы атап өтіле отырып, ұсынылсын:

1) Ыстық тағаммен қамтылатын оқушылар санын мейлінше көбейту.

2) Бракераждың комиссияға тағам сапасы мен көлемін, тағамды  даярлау  технологияларының сақталуына  жүйелі бақылау орнату міндеттелсін.

Жауапты: мониторлық комиссия мүшесі Удин Е.С.

  1. Қамқоршылық кеңес жұмысын ақпараттындыруда арнайы стендтер және әлеуметтік желі(телеграм, ватсап) қолданылсын.

Жауапты:  кеңес хатшысы Арзакулова Г.

  1. Тәуекел тобындағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасы оқушыларының жағдайын анықтауда тұрақты зерттеу жұмыстары жүргізіліп, қажетті бағытта қолдау ұйымдастырылсын.

Жауапты: мектеп психологы

әлеуметтік педагог класс жетекші