"№48 Жалпы білім білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

Ақтөбе қаласы № 48 Жалпы білім беретін орта мектебінің тарихы

 

Өскелең жас ұрпақты рухани - адамгершілік қасиетке баулу, тәрбиелеу - барлық кезеңде өзекті. Біздің келешегіміз - жас ұрпақ, ал ұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы.

Ел ертеңі болар бүгінгі балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу, әлеуметтік тұрғыдан барынша қамтамасыз ету, толыққанды білім алуына жағдай жасау, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау Қазақ елінің ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі.

Тәрбие мен оқыту өзара тығыз байланысты, бір бірінен бөліп алуға болмайтын біртұтас процесс. Білім беру ұйымдарындағы тәрбие пән мазмұны, сынып сағаттарының және мектептен, сыныптан тыс қосымша білім беру мазмұны арқылы жүзеге асады.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым - Жомарт Кемелұлы қасиетті Түркістан қаласы, Түркі елінің шаңырағында өткізілген «Әділетті Қазақстан - Адал азамат» атты ІІ Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде: «Адал азаматқа тән қасиеттер әрбір жастың бойынан табылуы керек, ұрпақтың бойында жаман әдет болса, бұл үлкендердің кінәсі» - дей келе, Әділетті Қазақстанды құру үшін: бүкіл қоғам болып жұмылу керектігін:

  • ең бастысы, әр азаматтың сана-сезімі жаңғыруы қажеттігін;
  • халқымыздың дүниетанымы және өмірлік ұстанымдары өзгеруге тиіс екендігін;
  • әйтпесе, басқа реформаның бәрі бекер болатындығын нақты атап өтті.

Тәрбиенің басым бағыттары жоспарда толық қамтылды. Әр бағыт бойынша іс - шаралар мақсатты түрде жоспарланып,жүзеге асырылды.

Тәрбиенің мақсаты: «Біртұтас тәрбие бағдарламасының» мақсаты:

Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.

№ 48 орта мектебі 2001 жылы Ақтөбе қаласы әкімдігінің № 59 қаулысы негізінде ашылды. 2017 жылдан бастап мектептің толық атауы «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ «№48 Жалпы білім беретін орта мектебі» КММ болып өзгертілді.

Мектептің жалпы қуаттылығы 400 орынға есептелген. 19 оқу кабинеті, спорт залы, 105 орындық мәжіліс залы, 80 орындық асхана, кітапхана, арнайы спорт алаңы бар. Мектептің техникалық базасы жыл сайын жаңартылып келеді. Мектеп информатика, физика, химия, биология кабинеттерімен, интерактивтік тақталармен жабдықталған.

Оқу тілі - қазақ. 10 - 11 сыныптар үшін жаратылыстану - математикалық бағыттағы сыныптар ашылған. Бүгінгі таңда мектепте 242 оқушы білім алуда.

Мектептегі сабақ беретін мұғалімдердің жалпы саны - 31. Жоғары білімді - 29, арнаулы орта білімді - 2. Оның ішінде педагог - зерттеуші - 3 мұғалім, педагог - сарапшы - 5 мұғалім, педагог - модератор - 5 мұғалім.

Қазыналы білім ордасына айналған №48 Жалпы білім беретін орта мектептің әрбір шәкірті білім көкжиегіне сеніммен ұмтылып, мектеп мақтанышына айналуды мақсат етсе, инемен құдық қазғандай білім тұңғиығының нәрін алған «Алтын белгі», «Үздік аттестат» иегерлері бұл күнде республикамыздың барлық аймағында еліміздің дамуына өздерінің үлестерін қосуда.

Мектептің оқу - тәрбие жұмысын алға бастырудың негізгі шарты - жұмысты сауатты, жүйелі жоспарлай білу. Оқу - тәрбие үрдісін тиімді әрі ұтымды ұйымдастырып, үйлесімді жұмыс ырғағының қалыптасуымен мектептің педагогикалық ұжымы оң өзгерістерін елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Оқу үрдісін ұйымдастыру бағытында мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының орындалуына бақылау жүргізіліп, істің нәтижелі болуы көзделді. Жоспарға сай педагогикалық және директор жанындағы кеңестер, әдістемелік бірлестіктер отырыстары, пән апталықтары т.б. жүйелі өткізілді. Онда бірлестіктер, шығармашылық топтар есептері, әдістемелік баяндамалар, пән онкүндіктерінің өткізілуі, білім сапасын тексеру қорытындылары кеңінен талқыланып отырылады.

 

 
  • www.rnmc.kz - Республиканский научно-методический центр
  • www.kursovik.kz - Профессиональная база научных и курсовых работ
  • www.azbyka.kz - Информационно-просветительский портал "Азбука"
  • www.45minut.kz - Сайт научно-образовательных трудов учителей
  • www.kaz-tili.kz - Изучение казахского языка (грамматика)
  • www.moi-mir.kz - Справочник "Гармоничное развитие детей"
  • www.matematik.kz - Сайт математиков на казахском
  • www.adebiet.kz - Сайт мировой и казахской литературы
  • obrazovanie.kz - Журнал "Современное образование"
  • www.zox.kz - Рефераты на казахском языке
  • www.univision.kz - Обзор вузов, институтов Казахстана
  • www.postupionline.com - Информационный портал для поступления в вузы
  • www.uchi.kz - Образовательное сообщество Казахстана
  • www.bolashak.kz - Образование по программе «Болашак»
  • www.essay.kz - Помощь в выборе профессии, университета